Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде кезекті дәстүрлі бейсенбілік іс-шара аясында «Шағбан айының артықшылығы» тақырыбында рухани ауыз ашар дастархан ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа Шағбан айының исламдағы орны, бұл айда жасалатын құлшылықтардың маңызы, рухани тазару мен Рамазан айына дайындықтың мәні жөнінде жан-жақты насихат айтты. Сонымен қатар жамағатты өзара бауырмалдықты нығайтуға, сабыр мен ықыласты арттыруға шақырды.
Рухани кеш барысында Құран оқылып, ел амандығы мен жамағаттың бірлігі үшін дұға бағышталды. Аталған шара жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған мешіттің тұрақты жобаларының бірі болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы