Center Image
IHSAN.KZ
Ұстаздар арасында садақ атудан сайыс өтті
Ұстаздар арасында садақ атудан сайыс өтті
Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызының ұйымдастыруымен  «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және ұжым арасындағы бірлікті нығайту мақсатында ұстаздар арасында садақ атудан сайыс ұйымдастырылды.

Сайысқа әріптестер белсенді қатысып, өздерінің мергендік қабілеттерін, сабырлылық пен дәлдік қасиеттерін көрсете білді. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар бір-біріне қолдау білдіріп, достық әрі жағымды атмосфера қалыптасты.

Садақ ату – тек спорт қана емес, сонымен қатар төзімділікке, зейінге және өзін-өзі басқаруға үйрететін өнер. Бұл сайыс ұстаздар үшін күнделікті жұмыстан сергіп, рухани және физикалық демалыс алуға үлкен мүмкіндік болды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, барша қатысушыларға алғыс білдірілді. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол.һһ

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz