Center Image
IHSAN.KZ
«Anashym pisirdi» ЖК Кондитерлік өнімдері халал сертификатын иеленді
«Anashym pisirdi» ЖК Кондитерлік өнімдері халал сертификатын иеленді
Қарағанды шаһарындағы «Anashym pisirdi» ЖК кондитерлік өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша халал сертификатын алды.

«Халал Даму» ЖШС Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Амангелді Дәулеткелдіұлы аталған кәсіпорында тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспаларды зертханаға жіберді.

Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.

Нәтижесінде «Anashym pisirdi» ЖК кондитерлік өнімдерінің «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып, халал сертификаты берілді.

«Anashym pisirdi» ЖК кәсіпорнына тиесілі өнімдері Қарағанды қаласы, Шағын аудан, Степной 4, 20 мекен-жайында орналасқан.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz