Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінің дін қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды
«Төлеутай ата» мешітінің дін қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің дін қызметкерлері қоғамға пайдалы игі істері мен қайырымдылық шараларын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан еңбектері үшін ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Аталған мешіт Әлихан Бөкейхан ауданында орналасқан жетімдер үйі мен қарттар үйіне тұрақты түрде зиярат жасап, әлеуметтік мекемелерде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар, зағип жандарға арналған орталықта Брайль қарпімен Құран оқуды үйрету курстарын тұрақты түрде өткізіп жүр.

Осы игі бастамаларға жоғары баға берген ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы мешіт ұжымына өз алғысын білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz