Қарағанды қаласындағы «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында футболдан достық кездесу өтті. Спорттық шараға мешіт жамағаты белсенді қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Аталған кездесудің негізгі мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту, бауырмалдық қарым-қатынасты арттыру, сондай-ақ жастарды спортқа баулу. Достық форматта өткен ойын барысында қатысушылар өзара сыйластық пен әділ бәсекенің жарқын үлгісін көрсетті.
Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді. Осындай спорттық кездесулер жамағаттың бірлігін бекемдеп, мешіт өмірінің рухани әрі әлеуметтік маңызын арттыра түсетіні сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы