Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы жамағатқа «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Насихат барысында имам дәстүрлі ислам құндылықтарының қазақ халқының салт-дәстүрімен өзара сабақтастығын түсіндіріп, ата-бабадан келе жатқан рухани мұраның маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, ұлттық болмыс пен діни танымның қоғамдағы орны, отбасылық тәрбие, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды асыл қасиеттердің мәні атап өтілді.
Шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мұндай рухани кездесулердің қоғам бірлігі мен діни сауаттылықты арттырудағы маңызы ерекше екені айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы