Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің наиб имамы Есмағанбетов Қуаныш жастарға нашақорлықтың адам өміріне тигізетін ауыр зардаптары туралы насихат айтты.
Ол өз сөзінде нашақорлықтың тек бір адамның емес, тұтас қоғамның болашағына қауіп төндіретін аса қауіпті дерт екенін атап өтті.
Насихат барысында Қуаныш имам жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға, пайдалы білім алып, уақытты тиімді өткізуге шақырды. Сонымен қатар, имандылық пен рухани тәрбиенің адам өміріндегі маңызын ерекше атап өтті.
Сөз соңында болашақтың жарқын болуы бүгінгі жастардың саналы таңдауы мен дұрыс бағытына тікелей байланысты екені айтылып, әрбір жас өз денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарауы тиіс екені ескертілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы