Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ақпараттық-насихаттық іс-шара өткізілді
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ақпараттық-насихаттық іс-шара өткізілді
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа Шағбан айы қарсаңында «Қайырымдылық береке шақырады» тақырыбында ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қайырымдылықтың исламдағы орны, әлеуметтік қолдаудың рухани және қоғамдық маңызы, сондай-ақ мейірімділік пен өзара жанашырлық арқылы қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Аталған бастама жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға және қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған мешіттің тұрақты рухани-ағартушылық қызметінің бір бөлігі болып табылады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz