Center Image
IHSAN.KZ
Әскери полиция сарбаздарымен кездесу өтті
Әскери полиция сарбаздарымен кездесу өтті

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы Әсет Наурызбайұлы Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы сарбаздарымен қоғамдық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі кездесу өткізді.

Кездесу барысында жиын қатысушыларына қазіргі қоғамда белең алып отырған лудомания (ойынға тәуелділік) мен оның отбасы, қоғам және жеке тұлғаға әкелетін ауыр зардаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар имам өз-өзіне қол жұмсаудың ислам шариғатындағы тиым салынғандығы, оның рухани, психологиялық және әлеуметтік жағынан қауіпті екендігі түсіндірілді.

Әсет Наурызбайұлы кездесуде қатысушыларға:


  • ойынға тәуелділіктің адам өміріне әсері жөнінде,
  • тәуелділікті алдын алу мен одан арылудың маңызды тәсілдері туралы,
  • рухани-моральдық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы жайлы баяндама жасады.

Имам сонымен бірге ислам діні өмірді қадірлеу, қиындықтармен күресу жолында рухани көмекке жүгіну қажеттігін айта келіп, болашақта осындай әлеуметтік сауатты арттыру бағытындағы кездесулердің жалғасын күту қажеттігін айтты.

Кездесу әскерилер тарапынан жоғары деңгейде бағаланып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, рухани-моральдық қолдауға ризашылық білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz