«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағатты бірлік пен рухани тәрбиеге үндейтін дәстүрлі бейсенбілік басқосу дастарханы жалғасып келеді.
Игі шараға жиналған жамағатқа мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы мен мешіттің наиб имамы Дастан Жанқозыұлы тағылымды дәріс оқып, насихат айтуда.
Шара барысында жамағаттың құрметіне кең дастархан жайылып, ас берілді. Сонымен қатар, ата-баба рухына Құран оқылып, еліміздің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы