«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы Әлімхан Ермеков атындағы мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам оқушыларға «Қоғамға пайдалы болу» тақырыбында насихат айтып, жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, шара аясында ата-анаға құрмет көрсету, қоғамға пайда тигізу, дұрыс діни түсінік қалыптастыру және жат діни ағымдардан сақтану мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, пайдалы кеңестер айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы