Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҰСТАЗДАРЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҰСТАЗДАРЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс ұстаздарының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын түсіндіру және әдістемелік бағыт-бағдар беру жиыны өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен өткен жиында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы арнайы алғы сөз сөйлеп, ұстаздардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жиын барысында ұстаздарға ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің  «Ислам және Адал қоғам жылы» аясында жолдаған бағдарлық баяндамасы таныстырылып, 2026 жылдың жаңа жұмыс бағытына әдістемелік нұсқаулар берілді.

Сонымен қатар, рухани тәрбиені нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мәселелері талқыланды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz