Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданының әкімі мешіт жанынан салынып жатқан қызметтік пәтермен танысты
Абай ауданының әкімі мешіт жанынан салынып жатқан қызметтік пәтермен танысты

Абай ауданының әкімі Сәбит Темешұлы Оспанов Абай аудандық мешіті жанынан бой көтерген қызметтік пәтер мен діни оқу-ағарту орталығының ғимаратымен танысты.

Кездесу барысында аудан имамы Асхат Қанайұлы аудан әкіміне жаңа нысанның қазіргі жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабар берді.

2025 жылдың жаз айында бастау алған құрылыс нысаны үш пәтерден тұрады. Әр пәтер үш бөлмелі болып жобаланған. Сонымен қатар ғимаратта мәжіліс залы, ерлер мен әйелдерге арналған діни сауат ашу сыныптары қарастырылған.

Қазіргі уақытта ғимаратта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жиһаздар орнатылуда. 

Қызметтік баспананың ашылу салтанатын ақпан айында өткізу жоспарланып отырғанын аудан имамы Асхат Қанайұлы атап өтті. Өз кезегінде аудан әкімі игі бастамаға оң бағасын беріп, аудан имамына ризашылығын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz