Қарағанды қаласындағы «KRAFT-AAA» ЖШС «KraftFood» кезекті жартылай дайын фабрикаттар кәсіпорнына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификаты табысталды.
Кәсіпорын ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.
Арнайы сертификатты Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы