Қарағанды қалалық «Бұқар жырау» мешітінде жамағатқа қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шара мешіт имамы Орманбет Болатұлының бастамасымен өтіп, қар тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мешіт аумағынан 8 техникаға тиелген қар сыртқа шығарылып, аумақ толық тазартылды. Аталған мешіт Қарағанды–Астана бағытындағы күре жол бойында орналасқандықтан, келуші жамағат саны күн санап артып келеді. Осыған байланысты мешіт әкімшілігі ғибадат ордасының тазалығы мен тәртібіне ерекше көңіл бөлуде.
Айта кету керек, мұндай қар тазалау жұмыстары екі апта сайын жүйелі түрде атқарылып келеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы