Center Image
IHSAN.KZ
Ақадыр кентінде Орамал күніне арналған рухани кеш өтті
Ақадыр кентінде Орамал күніне арналған рухани кеш өтті

Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Раханқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған Орамал күніне орай рухани кеш өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - орамалды Исламдағы орны мен мәнін түсіндіру, әйел адамның қадір-қасиетін арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылық пен дін сабақтастығын насихаттау болды.

Кеш барысында тағылымды әңгімелер айтылып, рухани тәрбиеге қатысты ойлар ортаға салынды. Іс-шара соңында әйелдер жамағаты бір-біріне сыйлықтар табыстап, ақжарма тілектерін білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz