ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызы «Әйел және береке» атты рухани форумда тағылымды уағыз-насихат жүргізді. Игі шараның негізгі басты мақсаты -әйел адамның рухани кемелденуі мен отбасындағы, қоғамдағы берекенің маңызын кеңінен түсіндіру болды.
Форум барысында ұстаз «Жүректегі және өмірдегі береке» тақырыбында терең мазмұнды насихат айтып, жүрек тыныштығына жетудің жолдарына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, нәпсінің жеті сатысы, әрбір сатыдан өту үшін орындалуы тиіс амалдар мен рухани тәрбиенің маңызы жан-жақты түсіндірілді. Тыңдармандарға сабыр, шүкір, ықылас пен тақуалықтың адам өміріндегі орны нақты мысалдар арқылы жеткізілді.
Рухани кешке 350-ден астам жамағат қатысып, форум қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Жиын барысында қойылған сауалдарға жауап беріліп, жүрекке ой салатын пайдалы кеңестер ұсынылды.
Кеш соңында қатысушылар үшін арнайы сыйлық ретінде қасиетті мекенге – умра сапарына жолдама ойнатылып, жамағаттың қуанышын еселей түсті.
Аталған форум әйелдер арасында рухани құндылықтарды дәріптеп, берекелі өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тағылымды кездесу болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы