Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян.
Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей Қарағанды қалалық Әл Машани мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс өтті.
Қатысушыларды сынақтан өткізуге қарағанды облыстыш ҚМДБ Қарағанды обоысы бойынша Құран секторының жауапты меңгерушісі Бауыржан Мейірбекұлы және Әнет баба мешітінің ұстазы Сұлтан Аманжолұлы
өздерінің әділ бағаларын беруге әділқазылар алқасының құрамында болып, сайысқа қатысушы шәкірттерге Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабын айтып, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.
Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.
Құран жарысына қатысушылар «Құран Кәрімнің 29-30 параларын жатқа оқу» және «Құран Кәрімнің Шәмс пен Нас сүрелерін жатқа оқу бойынша бақ сынасты.
Жүлделі орындарға йе болғандарға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар және басқа да қатысушыларға ынталандыру сыйлдықтары табысталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы