Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінде Тапина Ясмин Андреевна есімді орыс ұлтының өкілі ислам дінін қабылдады.
Рәсім барысында мешіт имамы Ермахан Оралбай Әділбекұлы келушіге Ислам дінінің құндылықтары мен негізгі қағидаларын түсіндіріп, иман келтіру рәсімін өткізді. Азан шақырылып, оған Ясмин есімі берілді.
Сондай-ақ, осы күні Тапин Думан Қайржанович пен Ясмин Андреевна арасында шариғат талаптарына сай неке қиылып, жас отбасыға ақ баталар мен ізгі тілектер айтылды.
Мешіт ұжымы жас шаңыраққа береке-бірлік, өзара түсіністік пен бақытты ғұмыр тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы