Center Image
IHSAN.KZ
«Рамазанға дайындық» тақырыбында насихат айтылды
«Рамазанға дайындық» тақырыбында насихат айтылды

Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы мешіт жамағатына «Рамазанға дайындық» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында имам қасиетті Рамазан айының мұсылман қауымы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, берекелі айға рухани әрі амалдық тұрғыда дайындалу қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ, Рамазан айын пайдалы өткізу үшін алдын ала тәубеге келу, жүректі жаман қасиеттерден тазарту, ауызбіршілік пен мейірімділікті арттыру керектігі айтылды.

Сонымен қатар, ораза ұстаудың шарттары мен сауабы, ауыз бекіту мәдениеті, тарауық намазының артықшылықтары кеңінен түсіндірілді. Имам жамағатты садақа беруге, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, Құран оқып, дұға-тілекті көбейтуге шақырды.

Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қасиетті айды берекелі өткізуге қатысты пайдалы кеңестер айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz