Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстазы Муслима Абдрайымқызы шәкірттерге мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру-үйрету дәрістерін өткізді.
«Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұны бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру, кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып өтті.
Сондай-ақ, мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті. Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіт әуретіне қарамау, ерді ер азамат, әйелді әйел кісінің, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сонымен қатар, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Танымдық дәріске де қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы