Center Image
IHSAN.KZ
«KIDS PARK» ТАМАҚТАНУ ОРЫНЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ
«KIDS PARK» ТАМАҚТАНУ ОРЫНЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ
Қарағанды қаласындағы   «KHAMID» ЖК «KIDS PARK » тамақтану орны Халал Даму ЖШС-ның сертификатын иеленді.

Арнайы сертификатты  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты маман Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады. 

Мекеменің қызмет барысы толық тексерістен өтіп, асханасына зертханалық жұмыс жасалды. Арнайы тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» ЖШС –ның технолог мамандары жүргізді. Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді. 

Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. 

Алдағы уақытта «KIDS PARK» дәмханасына асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз!

Тамақтану орны  Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 35/2 мекен-жайында орналасқан. 
 
 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz