Center Image
IHSAN.KZ
Брайль қарпімен Құран дәрістері тұрақты түрде өткізіліп келеді
Брайль қарпімен Құран дәрістері тұрақты түрде өткізіліп келеді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде оқу-ағарту бағыты аясында зағип және көру қабілеті төмен жандарға арналған Брайль қарпімен Құран дәрістері тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Аталған дәрістерді мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізіп, қатысушыларға Құран әліппесін меңгеру, аяттарды дұрыс оқу және мағыналарын түсіндіру бағытында жүйелі сабақтар өтуде.

Бұл игі бастама ерекше қажеттілігі бар жандардың діни білім алуына мүмкіндік беріп, олардың рухани дамуына, қоғамға бейімделуіне және діни сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сабақтар жамағат тарапынан үлкен ықыласқа ие болып, тұрақты түрде жалғасын табуда.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz