Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық әкімдігінде қоғам белсенділерінің жиыны өтті
Абай аудандық әкімдігінде қоғам белсенділерінің жиыны өтті

Абай ауданы әкімдігінде конституциялық реформа мәселелері бойынша қоғам белсенділерінің жиыны өтті. Жиынға Абай аудандық орталық мешітінің имамы Бейсембаев Нұрқанат Төлеутайұлы қатысты.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және қоғам белсенділері қатысты.

Басқосу барысында қатысушыларға Конституциялық комиссияның атқарып жатқан жұмысы таныстырылып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері кеңінен түсіндірілді. 

Конституциялық реформаның ел дамуы үшін маңыздылығы мен оның қоғам өміріне тигізер әсері жан-жақты сөз болды.

Сондай-ақ жиын барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын халық арасында кеңінен түсіндіру ісіне барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара қорытындысында аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz