Шахтинск қаласына қарасты мешіт имамдарының қатысуымен жұмыс жиыны өтті. Жиын Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылатын іс-шараларға талдау жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.
Басқосуға Шахан және Долинка кенттерінің имамдары қатысты. Жиын барысында Әбілхайыр Кәсенұлы ҚМДБ тарапынан жүктелген тапсырмалармен таныстырып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлар мен бағыттарды жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің бірлескен жұмысы, қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және жамағатпен жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Жиын соңында имамдар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, алдағы жұмыстарды бірлесе атқаруға уағдаласты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы