Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде тағылымы терең, мағынасы зор игі шара өтті. Бұл күні жас жұбайлар Алланың разылығы үшін некелерін қиып, шаңырақ көтерді.
Неке қию рәсіміне дейін қалыңдық ислам дінін қабылдап, иман есігін ашты. Бұл — жүрек қалауымен жасалған маңызды қадам әрі болашақ отбасының рухани негізін бекіткен ерекше сәт болды.
Игі шараны мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы жүргізді. Рәсім барысында ол неке құндылығы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жауапкершілігі, отбасындағы мейірім мен сабырдың орны жайында өнегелі уағыз-насихат айтты.
Сондай-ақ, отбасының берекесі иманмен, ал татулығы өзара сыйластықпен келетінін атап өтті. Шара соңында жас отбасына бақытты да баянды ғұмыр, берекелі шаңырақ тілеп, дұға жасалды. Осындай рухани шаралар қоғамда отбасы институтын нығайтып, жастарға үлгі болары анық.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы