Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Әйгерімнің ұйымдастыруымен қасиетті Бараат түніне орай әйел-қыздар жамағатына арналған рухани кеш өткізілді. Игі шараның басты мақсаты – жамағатты Бараат түнінің мән-маңызымен таныстыру, рухани тәрбие беру және ізгі амалдарға үндеу болды.
Кеш барысында мешіт ұстазы Бараат түнінің исламдағы орны, бұл түнде жасалатын ғибадаттар мен дұға-тілектердің сауабы жайында уағыз-насихат айтып, қатысушыларға рухани кеңес берді. Сондай-ақ, әйел-қыздар жамағаты діни сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Іс-шара барысында берекелі дастархан жайылып, жиналған жамағат бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Осындай тағылымды кездесулер жамағаттың бірлігін нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы