Саран қалалық мешітінде жастарға арналған “Жастар және жасанды интеллект” атты танымдық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды жасанды интеллект ұғымымен таныстырып, оны білім алу мен күнделікті өмірде тиімді әрі жауапты қолдану жолдарын түсіндіру.
Семинар барысында жасанды интеллекттің даму бағыттары, оның қоғам мен жастар өміріндегі маңызы, сондай-ақ заманауи технологияларды дұрыс пайдалану мәселелері сөз болды. Қатысушыларға жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен шектеулері, адамгершілік және жауапкершілік қағидалары аясында қолдану қажеттілігі түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы