Алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық аясында Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде бірқатар шаруашылық жұмыстар атқарылып, мешіттің күмбезінде орнатылған дыбыс күшейткіш құралдар - микрофондар мен колонкалар толықтай жаңартылды.
Жаңартылған техникалық құралдар Рамазан айы барысында оқылатын тарауих намаздары мен діни шаралар кезінде азан дауысының анық әрі сапалы естілуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жамағатқа арналған уағыз-насихаттардың дыбыс сапасын жақсартуға бағытталған.
Аталған жұмыстар мешіт қызметін жүйелі ұйымдастыру және қасиетті айда жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы