Қарашаның 13 жұлдызында, яғни Ашура күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей және «Жас өркен» қыздар ұйымы мұсылман жамағаты үшін сауабы мол ауызашар ұйымдастырды. Ауызашар дастарханына Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысып, жиналған жамағатқа жүрекжарды тілегін айтып Ашура күнімен құттықтады. Бүгінгідей бейбіт заманның қадірін түсініп, Жаратушыға жақсы істермен жақындауға үндеді. Ауызашарға қатысқан мұсылман жамағат Қарағанды облыстық орталық мешітіне алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Ауызашар дастарханына 50-ден астам адам қатысты.
Сауабы мол ауызашар

«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы