Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы ауданға қарасты бірқатар ауылдық мешіттерге басқару-бақылау жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, Доскей ауылдық “Тәш молла” мешіті, Қарақұдық ауылдық мешіті, Жаңақала ауылдық “Бұқар ата” мешіті, Ақбел ауылдық мешіті, Үміткер ауылдық мешітінің тынысымер танысты.
Сапар барысында мешіт имамы құлшылық үйлерінің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, аймақтағы діни қызметкерлердің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде ақпарат берді.
Аудан имамы мешіттердің ішкі және сыртқы аумағын аралап, тазалық жұмыстарына назар аударды. Сонымен қатар ғимараттардың жағдайы тексеріліп, алдағы қыс мезгіліне дайындық барысы пысықталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы