Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде мәйітті кебіндеу бойынша дәріс өтті
«Төлеутай ата» мешітінде мәйітті кебіндеу бойынша дәріс өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты аясында мешіт жамағатына мәйітті кебіндеу бойынша дәріс өткізілді.

Дәрісті мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жүргізіп, шариғат талаптарына сәйкес мәйітті кебіндеу тәртібі мен оның негізгі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар бұл рәсімнің діни маңызына тоқталып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Дәрістің мақсаты – мұсылмандық жерлеу рәсімдеріне қатысты діни білімді арттырып, шариғат талаптарын дұрыс меңгеруге бағыт беру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz