Center Image
IHSAN.KZ
АҚТОҒАЙДА «ЖҮРЕК ТЫНЫШТЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
АҚТОҒАЙДА «ЖҮРЕК ТЫНЫШТЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Ақтоғай аудандық мешітінің ұстазы Еркеназ Шалқарқызы әйел-қыздар жамағатына  «Жүрек тыныштығы» тақырыбында рухани семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында қатысушыларға жүрек тыныштығының маңызы, рухани кемелдену, сабыр сақтау және Алла Тағалаға тәуекел етудің мәні туралы тағылымды насихат айтты.

Кездесу барысында әйел жамағаты рухани тәрбиеге қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Семинар қатысушыларға рухани серпіліс беріп, имандылықты нығайтуға бағытталған пайдалы басқосу болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz