Ақтоғай аудандық мешітінің ұстазы Еркеназ Шалқарқызының ұйымдастыруымен Құран аяттарын оқып үйренген шәкірттерге сертификат табыстау рәсімі өтті.
Рухани шара барысында Құран оқуды меңгеріп, білім алуға ынта танытқан шәкірттерге сертификаттар табысталды. Ұстаз шәкірттерді жетістіктерімен құттықтап, Құран үйрену жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.
Қасиетті Құранды оқып үйрену – сауапты әрі игілікті амал. Алдағы уақытта да шәкірттердің діни білімін жетілдіріп, рухани дамуына бағытталған сабақтар жалғасын таба бермек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы