Center Image
IHSAN.KZ
МАРЖАНКӨЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
МАРЖАНКӨЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
Қарағанды облысы, Осакаровка ауданына қарасты Маржанкөл ауылында жаңа мешітінің ашылу рәсімі өтті.

Игі шараға аймақтың құрметті азаматтары, ауыл ақсақалдары, дін жанашырлары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Құлшылық ордасының ашылу рәсімінде Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінің  наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы арнайы сөз сөйлеп,  облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының ыстық сәлемін жеткізді.

Сонымен қатар аймақ тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, игі істің басы-қасында болған ауыл тұрғындарына, дін жанашырлары мен демеушілерге алғыс білдіріп, арнайы алғыс хаттар табыстады.

Бір күмбезді әрі бір мұнаралы жаңа мешіт бір мезетте 50 адамға дейін құлшылық жасауға мүмкіндік береді. 

Құлшылық ордасында ерлерге арналған намазхана, дәретхана және имам бөлмесі қарастырылған.

2025- жылы құрылысы бастау алған мешіттің жалпы көлемі 72 шаршы метр.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz