Қарағанды облысы Осакаров ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы мешіт жамағатына «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында діннің негізгі құндылықтары, дәстүрлі діни ұстанымды сақтау, жат ағымдардың ықпалынан сақтану және діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар жамағатты діни сауаттылықты арттыруға, бірлік пен татулықты сақтауға және қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға шақырды.
Кездесу соңында жамағатқа ізгі насихат айтылып, дұрыс діни түсініктің маңыздылығы атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы