Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде мешіт жастарына «Уақып» қорының маңызы мен қоғамдағы рөлі түсіндірілді.
Кездесуді мешіт имамы Берік Алпысбайұлы жүргізіп, жастарға уақып ұғымының мәні, оның діни және әлеуметтік маңызы туралы насихат айтты.
Уағыз барысында уақыптың қайырымдылықты дамытудағы, мешіттердің қызметін қолдаудағы және игі істердің үздіксіз жалғасуына үлес қосудағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жастарды ізгі амалдарға атсалысуға, жомарттық пен жанашырлық қасиеттерін бойына сіңіруге шақырды.
Кездесу соңында уақыптың қоғам игілігіне қызмет ететін сауапты амал екені атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы