ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, дін қызметкерлеріне «Ас беру мәдениеті» құжаты таратылды.
Семинарға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, жиынның мән- маңызын түсіндірді.
Жиынға Қарағанды облысына қарасты мешіттердің дін қызметкерлері қатысып, ас беру мен құдайы ас өткізу рәсімдеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Семинар барысында ас беру мәдениетін қалыптастыру, діни рәсімдерді шариғат талаптарына сай ұйымдастыру, ысырапшылдыққа жол бермеу және халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелеріне баса назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушы имамдар өзара пікір алмасып, ас беру дәстүріне қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Дәстүрдің негізгі мақсаты – марқұмға дұға бағыштап, оның рухына сауап арнау, жақсылық пен ізгілікті дәріптеу екені атап өтілді. Осы орайда құдайы асты бәсекеге немесе жарысқа айналдырмай, қарапайымдылық пен берекеге негіздеу қажеттігі айтылды.
Семинар аясында «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, дін қызметкерлеріне таратылды. Сондай-ақ алдағы уақытта осы бағытта атқарылатын жұмыстардың жоспары талқыланып, халық арасында түсіндіру шараларын жүйелі түрде жүргізу жөнінде бірқатар міндеттер белгіленді.
Ас берудің негізгі мақсаты – ас беру дәстүрінің діни әрі тәрбиелік мәнін кеңінен түсіндіру, қоғамда ысырапшылдықтың алдын алу және ұлттық дәстүр мен шариғи талаптардың үйлесімді сақталуына ықпал ету.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы