Center Image
IHSAN.KZ
Бас мүфти көңіл айту жеделхатын жолдады
Бас мүфти көңіл айту жеделхатын жолдады
ҚМДБ: күн тәртібінде күйіп тұрған үш мәселе (ФОТО)Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыс, ағайын-жұртына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Ол қазақтың біртуар көрнекті ақыны еді. Фариза Оңғарсынова жастарды бірлік пен ынтымаққа, адамзатты адамгершілік пен ізгілікке үндеді. Оның өсиетке толы «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» атты өлеңдері, отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелейтін ғибратты сөздері өз халқымен мәңгі жасап, санасында сақтала бермек. Алла тағала қазаның артын қайырлы етіп, Жаратушы Иеміз өз мейіріміне бөлесін», – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.   www.muftyat.kz

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz