Center Image
IHSAN.KZ
ҚМДБ: Мәуліт мерекесі ұлттық нақышпен өтеді
ҚМДБ: Мәуліт мерекесі ұлттық нақышпен өтеді
ҚМДБ: Мәуліт мерекесі ұлттық нақышпен өтедіҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы, екі дүние сәруары Мұхаммед пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) туған күні – Мәуліт мерекесін ұлттық нақышпен өткізбек. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ұйымдастыру және жұмыс тобына 2014 – «Дін мен дәстүр» жылы аясында мүбәрак мерекені дәстүрлі ән-жырмен, терме-толғаумен өткізуге тапсырма берді. Биылғы мәуліттің тағы бір жағымды жаңалығы – Мұхаммед пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сәлем-салауат, дұға-тілек ана тілімізде айтылады. Биылғы мәулітте Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірін, тәрбиеге толы теңдессіз тұлғасын жан-жақты насихаттауға көңіл бөлініп отыр. Сонымен қатар ұлттық аспаптармен ғибратты халық әндері шырқалмақ. Адам жанын тербейтін, ерекше әсерге бөлейтін, өнердің озық үлгісі болған шебер актерлер сомдайтын екі қойылым мәуліт бағдарламасына енгізілді. Қысқасы, терме-толғау, арнау орындалып, театрландырылған көріністер қойылатын ғибратты кешімізден рухани нәр алып қайтуыңызға тілектеспіз. Кештің өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы. Уақыты: 9 ақпан, 2014 жыл. Басталуы: сағат 11:00-де. Билетті Алматы қаласының мешіт имамдарынан алуға болады. Сарайға тек билет арқылы кіре алатындарыңызды еске саламыз.
 

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz