Center Image
IHSAN.KZ
Жастар тәрбиесі – отбасыдан басталады
Жастар тәрбиесі – отбасыдан басталады

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы Халықаралық жастар күніне орай мешіт жастарына «Жастар және отбасы» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.

Насихат барысында отбасы – қоғамның негізі, ал тәрбиелі әрі иманды ұрпақтың қалыптасуы ең алдымен жанұядан басталатыны айтылды. Сонымен қатар, жастарға ата-ананы құрметтеу, ұлттық және діни құндылықтарды сақтау, болашақ отбасын жауапкершілікпен құру және көркем мінезді өмірлік ұстаным ету жөнінде маңызды кеңестер берілді.

Кездесу соңында жастар имамға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жиын рухани тәрбиеге серпін беріп, жастардың отбасы институтына деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz