Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды
«Қазыбек би» мешітінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды
ҚМДБ-ның жылдық жопары аясында  жаңа оқу жылының басталуына  орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. 

Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, жалғыз басты аналар мен көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 22 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. 

Игі шара барысында мешіт наиб имамы Дастан Рахымжанұлы жас жеткіншектерді  келе жатқан білім күнімен құттықтап, өзінің ыстық лебізін жеткізді. Сондай-ақ, берекелі шараның өтуіне ат салысқан жомарт жандарға ризашылығын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz