«DEGIRMEN KRG» Qarmet ЖШС-нің 48 асханасы ҚМДБ-ның «Халал Даму» сертификатын иеленді.
Мекеменің қызмет көрсету барысын толық тексеру және асхана өнімдеріне зертханалық зерттеу жүргізу мақсатында «Халал Даму» ЖШС-нің технолог маманы Мейіржан Бауыржанұлы және Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы арнайы бақылау жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс барысында асхана өнімдерінің құрамы, өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы және ішкі тазалық жағдайы жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс барысы, санитарлық талаптарды сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, шикізат өнімдерін жеткізуші кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сәйкестігі және қаптама материалдарының адам денсаулығына қауіпсіздігі тексерілді.
Осылайша, өнімді өндіру мен дайындаудан бастап, оны тасымалдау және тұтынушыға ұсынуға дейінгі барлық жұмыс процесі бақылаудан өткізілді.
Мекенжайы: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 22/5, «Qarmet» АҚ аумағы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы