Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағатқа арналған тағылымды уағыз-насихат айтылды.
Уағыз барысында «Адал ас, адал еңбек – адал қоғам» тақырыбы кеңінен тарқатылып, адал ризықтың маңызы, маңдай термен еңбек етудің қадірі және қоғамдағы адалдықтың орны жөнінде маңызды ойлар айтылды.
Жамағатқа адал еңбектің адам өміріндегі берекесі, адал жолмен нәпақа табудың діндегі орны және әрбір мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар адалдықты өмірдің басты ұстанымдарының біріне айналдырып, еңбекке жауапкершілікпен қарауға, өзгеге зиян келтірмеуге және қоғамның дамуына өз үлесін қосуға шақырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы