Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешітінде Мәуліт Шариф оқылды
Саран қалалық мешітінде Мәуліт Шариф оқылды
Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде қасиетті Мәуліт айына орай рухани тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны Саран қалалық мешітінің бас имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы ұйымдастырып, мешіт жамағаты бас қосты.

Жиында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өмірі мен өнегесі, көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеттері жайында уағыз-насихат айтылып, Мәуліт Шариф оқылды. Жамағат тарапынан Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар айтылып, дұға жасалды.

Мәуліт – мұсылман қауымы үшін сүйікті Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірін еске алып, оның көркем мінезі мен ізгі қасиеттерін бойға сіңіруге үндейтін тағылымды шаралардың бірі. Мұндай рухани жиындар жамағаттың бірлігін арттырып, имандылық пен ізгілікке деген құштарлықты күшейте түседі.

Шара соңында мешіт жамағатына арналып арнайы дастархан жайылып, көпшілікке ас берілді. Жамағат өзара жылы пікір алмасып, рухани әсер алып тарқасты.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz