Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда «Салауатты өмір салты» тақырыбында семинар өтті
Теміртауда «Салауатты өмір салты» тақырыбында семинар өтті

Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде жамағат пен жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында «Салауатты өмір салты» тақырыбында семинар өтті.

Тағылымды шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы, денсаулықты күту, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден аулақ болудың қажеттілігі жөнінде кеңінен айтылды.

Семинарда денсаулықтың адам өміріндегі орны ерекше екені атап өтіліп, денені шынықтыру, белсенді қозғалыс пен дұрыс күн тәртібін ұстанудың пайдасы түсіндірілді. Сонымен қатар жастар арасында темекі, ішімдік және өзге де зиянды әдеттердің алдын алу мәселесіне назар аударылды.

Қатысушыларға ислам дініндегі денсаулықты сақтау, тән мен жан тазалығына мән беру және адамға берілген нығметтерді қадірлеу жөнінде насихат айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz