Center Image
IHSAN.KZ
Жат ағымның қоғамға төндіретін қаупі түсіндірілді
Жат ағымның қоғамға төндіретін қаупі түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде мешіт жамағаты мен жастарға «Жат ағымның зардабы» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға діни сауаттылықтың маңызын түсіндіру, қоғамға кері әсерін тигізетін жат діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау.

Шара барысында жат ағымдардың қоғамға төндіретін қаупі, олардың жастардың санасына әсер ету жолдары және теріс идеологияның отбасы мен қоғамдық тұрақтылыққа тигізетін зардабы жөнінде айтылды.

Сонымен қатар жастарға діни ақпаратты әлеуметтік желілерден кез келген дереккөзден қабылдамай, дін мәселесінде білікті мамандар мен мешіт имамдарына жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz