Дүниежүзілік тазалық күніне орай Абай ауданында қоршаған ортаны абаттандыру және көгалдандыру мақсатында тал егу шарасы ұйымдастырылды.
Игі бастамаға мешіт жамағаты мен аудан тұрғындары белсене қатысып, белгіленген аумаққа көшеттер отырғызды. Қатысушылар туған жердің тазалығы мен көркейіп, көгалдануына үлес қосып, табиғатты қорғаудың маңызын насихаттады.
Шара барысында тұрғындар бірлік пен ынтымақ танытып, ортақ іске жұмыла атсалысты. Тал егу – қоршаған ортаны көгалдандырумен қатар, кейінгі ұрпаққа табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған сауапты әрі игі іс.
Аталған шара тазалық пен көркейту жұмыстарын жандандырып, аудан тұрғындарын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы