Center Image
IHSAN.KZ
ҚАЗА БОЛҒАН САРБАЗДАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНДЫ
ҚАЗА БОЛҒАН САРБАЗДАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНДЫ

Нұра аудандық мешітінің имамы Ерлан Серікұлының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында қаза болған сарбаздардың рухына арнап құрбандық шалынды.


Құрбандық еті мұқтаж және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылды.


Игі шара барысында қаза болған сарбаздардың рухына Құран бағышталып, марқұмдарға дұға жасалды.


Бұл бастама – қаза болған азаматтардың рухына бағышталған сауапты амалды мұқтаж жандарға көмек көрсетумен ұштастыруды мақсат етті.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz