Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қарияларға арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының және «Зекет және қайырымдылық» қорының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен игі шара барысында ақсақалдарға арнайы дастархан жайылып, сыйлықтар тарту етілді.

Шара барысында облыстық мешіттің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, қарияларды мерейлі мерекемен құттықтады.

– Қариялар – халқымыздың рухани қазынасы, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар берер ақылман жандар. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақ баталарыңыздың біз үшін орны ерекше, – деген ізгі тілегін білдірді.

Өз кезегінде ақсақалдар көрсетілген құрмет пен ұйымдастырылған игі шараға шексіз ризашылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына және демеушілерге алғыстарын жеткізді.

Қарияны құрметтеу – халқымыздың ежелден қалыптасқан ізгі дәстүрлерінің бірі. Осындай тағылымды шаралар үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидатын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға септігін тигізеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz